25 Маусым, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №363 

358 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 21 маусым, Астана, Үкімет Үйі «Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі  №856 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі №856 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., №48, 488-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен көлемінде: «Гигиеналық заттар» деген бөлімде: реттік нөмірлері 26,27,28,29,32,33,34-жолдар алып тасталсын; «Кір жууға, кептіруге және ас үйге арналған мүлік» деген бөлімде: реттік нөмірлері 35,36,61,62-жолдар алып тасталсын; «Шаруашылық мүлкі» деген бөлімде: реттік нөмірлері 73, 97-жолдар алып тасталсын; «Әкімшілік үшін кеңсе тауарлары және ұйымдастыру техникасы», «Тамақ өнімдері», «Жанар-жағармай материалдары» деген бөлімдер алып тасталсын; «Дәрілік заттар» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын: « 138 Жүрек-қантамырлық, спазмолитикалық және гипотензиялық дәрілік заттар ампула, қаптама 1000 139 Анальгетиктер және жергілікті анестетиктер ампула 1000 140 Гормоналдық препараттар ампула 100 141 Антисептикалық құралдар флакон 1000 142 Антигистаминді препараттар ампула 300 143 Психотроптық преапараттар ампула 160 144 Басқа фармакотерапиялық топтардың препараттары қаптама 292 145 Антибиотиктер, сульфаниламидтер қаптама 180 146 Плазмаалмастырғыш, тұзды, инфузиондық ерітінділер флакон 180 »; «Байланыс құралдары» деген бөлім алып тасталсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ